20:50, 26 Маусым 2019 | GMT +6
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкіміне бірқатар нақты тапсырма берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды Тұғырнамасында көрсетілген «Қуатты аймақ - қуатты Қазақстан» деп аталған жетінші бағыттың жүзеге асырылуы бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Қазақстан Президенті Батыс Қазақстан облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.