Мемлекет басшысы бірқатар ведомстволардың жауапты хатшыларын қызметтерінен босатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР бірқатар ведомстволарының жауапты хатшыларын қызметтерінен босатты, деп хабарлады Ақорданың сакйты.

Мемлекет басшысы бірқатар ведомстволардың жауапты хатшыларын қызметтерінен босатты

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Серікбол Рахымқанұлы Мусинов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Замир Садықұлы Сағынов Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Анатолий Григорьевич Дерновой Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Арыстан Кенжетайұлы Қабыкенов Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Бек Кәрімбекұлы Арпабаев Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Нұрлан Әбітқанұлы Әбді Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жауапты хатшысы қызметінен;

Төлеген Төлеуханұлы Ысмайылов Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Бақытбек Зүбайраұлы Иманәлиев Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Қарлығаш Ғазизқызы Кәкен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Рүстем Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Жанат Мұратұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Ерғазы Мейірғалиұлы Нұрғалиев Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;

басқа жұмысқа ауысуына байланысты Дәулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.