Мемлекет басшысы бірқатар заңнамалық актілерді «Мемлекеттік статистика туралы» Заңға сәйкестендіруге бағытталған ҚР Заңына қол қойды
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін «Мемлекеттік статистика туралы» Заңға сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.