Мемлекет басшысы: Біз - әлемдегі ең жас халықтардың біріміз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының орташа жасы 26 жасты құрайды. Бұл туралы бүгін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Мемлекет басшысы: Біз - әлемдегі ең жас халықтардың біріміз

«Біз - әлемдегі ең жас халықтардың біріміз. Ел тұрғындарының орташа жасы - 26 жас. АҚШ-та бұл көрсеткіш - 36, Еуропа одағында - 41 жас. Барлық көрсеткіштер бойынша біз - өсіп-өркендеп келе жатқан, жалпы алғанда жас елміз. Бұл - біздің болашағымыздың зор екендігін көрсетеді және кезіне дұрыс таңдау жасап, қазір дұрыс бағытта бет алғанымыздың айқын көрінісі», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, марапаттау рәсіміне аймақтық турлардан жеңіп шыққан 16 отбасы қатысады. Жалпы, конкурста еліміздің барлық өңірлерінен 1 298 отбасы бақ сынаған болатын.