Мемлекет басшысы Болгар қаласын және Град Свияжск аралын жаңғырту жобаларымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Болгар қаласын және аумағында Успен Құдай-ана ерлер монастырының басты ғибадатханасы - Успен соборы орналасқан Град Свияжск аралын қайта жаңғырту жоспарымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Болгар қаласын және Град Свияжск аралын жаңғырту жобаларымен танысты

Успен соборын қалпына келтіру жұмыстары 1954 жылдан бері жүргізіліп келеді. 1970-1980 жылдары собордың қабырғаға салынған фреска кескіндемелері толық зерттелді.

Болгар кешенінің мұрасын қазіргі кезеңдегі жаңғырту және қалпына келтіру жұмыстары 1990-жылдары басталды. Сол кезде бұл бастамаға Татарстан Республикасының маңызды мемлекеттік бағдарламасы ретінде мән берілді.