Мемлекет басшысы елордадағы қылмыс деңгейін төмендетуді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананы адамдар үшін қауіпсіз қала етуіміз шарт. Бұл туралы бүгін «Астана Опера» театрында елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Біз ішкі істер органдарының, жергілікті биліктің бірлескен күш-жігерімен Астананы адамдар үшін қауіпсіз қалаға айналдыруға келіскен болатынбыз. Бүгінде Қазақстан бойынша қаладағы қылмыстық ең жоғары деңгейде қалыптасып отыр. Неге осылай болды? Былтыр қылмыс көлемі 53 пайызға өсті, оның ішінде ауыр қылмыстар екі есеге өскен. Қылмыстардың ашылуы 36 пайыз деңгейінде», - деп тоқталды Елбасы. Өз кезегінде Астанада ІІБ басшысы Амантай Әубәкіров былтырғы жылы - 59 мың, ал биылғы бірінші тоқсанда - 28 мың құқықбұзушылық анықталғанын жеткізді. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың бетін ашу деңгейі жақсарған. Оның сөзіне қарағанда, қаладағы қылмыстылықтың елеулі пайызы сырттан келгендерге тиесілі. Яғни, қылмыстың жартысынан астамын шеттен келгендер жасайды. Осы бағытта қазіргі кезде тиісті шаралар атқарылып жатыр. «Дегенмен де бұл шаралар жеткіліксіз. Жұмысты жалғастырыңыздар. Қала адам өмірі үшін қауіпсіз болуы тиіс», - деп тапсырды Президент.

Соңғы жаңалықтар
Референдум