Мемлекет басшысы Еңбек министрлігіне 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін орындалуы тиіс тапсырмалар берді

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігіне  2013 жылдың 1 шілдесіне дейін орындалатын  тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы Еңбек министрлігіне  2013 жылдың 1 шілдесіне дейін орындалуы тиіс  тапсырмалар берді

Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы жөніндегі 4-ші тапсырмасында айтылған.

Президент Үкіметке индустриялық және инновациялық экономикалардың жаңа нысандарын өзін өзі жұ­мыс­пен қамтыған халық неғұрлым көп шоғыр­лан­ған өңірлерде құру туралы мәселені шешу керектігіне маңыз беріп отыр.

  «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігі 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін: өзін-өзі еңбекпен қамтығандар то­бын­дағы еңбекке қабілетті халықты нақты жағ­дайларды және жұмыспен қамту саласының перспективасын ескере отырып, жұмыспен қамтуға қарай ойыстырудың әдістемесін әзірлесін; өзін- өзі еңбекпен қамтыған халықты ай­қындау жөніндегі жаңа әдістемені ескере оты­рып, жұмыссыздық деңгейін айқындаудың әдістемесін жетілдірсін», - делінген 4-ші тапсырмада.