Мемлекет басшысы: Инфляцияны бақылау-реттеу жолымен тежеу тәсілінен кету керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында инфляцияны бақылау-реттеу жолымен тежеу тәсілінен жүйелі салалық шараларға көшуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы: Инфляцияны бақылау-реттеу жолымен тежеу тәсілінен кету керек

«Екінші мәселе - инфляцияны ауыздықтау. Баға барлық елде жаппай өсіп жатыр. Соған қарамастан, біз инфляцияны 8,4 пайыздан асырмай ұстап қалдық. Бағаны өсірмеу үшін көбінесе нарыққа тән емес әдістер қолданылды. Осының бәрі - шарасыздықтан жасалған қадамдар. Мұндай ұстаным күндердің күнінде инфляцияның күрт өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін», -деді Президент.

Сондай-ақ, ол өңірлерде бұл бағыттағы жұмыс басталып кеткенін жеткізді.

«Бақылау-реттеу тәсілінен жүйелі салалық шараларға көшу керек. Мен нақты тапсырмалар бердім. Үкімет пен әкімдер жұмысқа кірісіп кетті», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев