Мемлекет басшысы кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз ету үшін Үкіметке 140 млрд. теңге бөлуді тапсырды

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз ету үшін Үкіметке кемінде 140 млрд. теңге бөлуді тапсырамын. Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа арнаған Жолдауы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жұмыспен қамту стратегиясын қоса қаржыландыруға арнап жергілікті бюджеттерден де ресурстар бөлінуі тиіс. Біз жұмыстан айырылғандар үшін жаңа жұмыс орындарын ашатын боламыз. Сондай-ақ біз қазіргі қоғамдық жұмыстарды есептемегенде, кемінде 350 мың қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ете аламыз», деді Н. Назарбаев. Елбасының айтуынша, бүгінгі Қазақстанда еңбек нарығын дамыту үшін толық мүмкіндіктер бар. Ал қосымша бөлінген қаражат нақты салаға жұмсалатын болады. «Біріншіден бұл, коммуналдық желілерді қайта жөндеу мен жаңғырту, сумен қамтамасыз ету, энергетика нысандарын, кәріздік желілерді жаңғырту, Үкіметке әкімдермен бірлесіп осы мақсаттарға қажетті шығындарды айқындауды және бюджеттен бөлінген әрбір тиынды қатаң қадағалауды тапсырамын», деді Н. Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар