15:45, 30 Тамыз 2014 | GMT +5
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының жетекші спортшыларымен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысында жұмыс сапарында жүр. Ел Президенті халықаралық ең жоғары стандарттарға сай қызмет көрсететін жаңа спорт клубының жұмысымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кешенді аралау барысында Мемлекет басшысы Қарағанды облысының танымал спортшыларымен - Олимпиада ойындарының және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары С.Сәпиев, Д.Карпов, А.Жүсіпов, А.Барменов, С.Елеуов және басқаларымен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті және жиналғандардың спортта жоғары нәтижелерге жетуіне тілектестік білдірді.
Спортшылар өз кезегінде Мемлекет басшысына Қазақстандағы спортты дамытуға ұдайы көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты.