Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жасаған жұмыс сапары аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: akorda.kz

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, өзара құрмет пен екі ел халықтарының мүддесіне негізделген сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың маңызды бағыттары бойынша серіктестікті одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді.

Еске салайық, Бүгін Мемлекет басшысы Жеңістің 78 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ, Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.


Соңғы жаңалықтар