17:08, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысын кеңінен жариялау керектігін атап өтті
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәдени ақпараттық сала арқылы төзімділік тұрғысында тәрбие беру жұмыстарын күшейтуді жүктеді.
Онымен қоса Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысын кеңінен жариялау керектігін атап өтті. Осы орайда Ассамблеяға өзінің жеке газетін басып шығару шаралары тапсырылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы телеарналарда еліміздегі этностар өкілдерін, ұлттық-мәдени орталықтардың жұмыстарын көрсететін бағдарлама ашуды тапсырды.
«Мұны республикалық және жергілікті телеарналарда іске асыруға болады. Ол үшін ешқандай кедергілерді көріп тұрғаным жоқ»,-деді Н. Назарбаев.