Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан «Ақсақалдар алқасын» құруды ұсынды

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының үйлестіруші ролін күшейтіп, Ассамблея жанынан «Ақсақалдар алқасын» құру қажет.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Президент Ассамблея жанындағы ғылыми сараптамалық кеңес белсенді жұмыс істеу қажеттігін атап көрсетті. «Этникаралық қатынастар мәселесінде қолданбалы зерттеулерді жүргізуші ғалымдарға арнап, гранттар бекіту керек. Қазақстан халқы Ассамблеясы  Жастар Конгресімен көп жұмыс істеуі тиіс.  Мәселен, «Жастар Қазақстан халқының бірлігі үшін» жалпы ұлттық форумды бірлесіп өткізуі тиіс», деді Мемлекет басшысы.

 Сонымен қатар, Президент Үкімет пен облыс әкімдері деңгейінде этномәдени бірлестіктерді мемлекеттік қолдауды кеңейту туралы мәселені тереңірек пысықтау қажеттігін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар