20:54, 17 Сәуір 2011 | GMT +5
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын энергия сақтаушы технологияны пайдалануға шақырды
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін ҚР Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын энергия сақтаушы технологияны пайдалануға шақырды.
«Бүкіл әлем энергия үнемдеумен айналысуда. Жылу ұстайтын әйнектер, жылу және суық ұстайтын қабырғалар қазірдің өзінде бар. қазір құрылыстар жүруде. Қараңыздаршы, кім пайдаланып отыр?. Энергия үнемдейтін электр лампалары электр энергиясын 5-6 есе үнемдейді» , - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, жаңа жылдан бастап Мәскеу қыздырылатын шамдарды пайдалануға шектеу қойып отыр. «Ал бізде қайда бар? Тіпті мемлекеттік мекемелерде энергия үнемдеу пайдаланылмайды», - деді Н.Назарбаев.