Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңнамаға толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды
АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мемлекеттік мерекені - 1 желтоқсанда аталып өтілетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілеуді қарастыратын «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,
деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.