17:34, 10 Шілде 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды
АСТАНА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң жекелеген заңнамалық актілердің өлім жазасын қолдануға қатысты бөлігін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіруге бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.