Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне қол қойды, ол қылмыстық сот өндірісі жүйесін жаңғыртуға және оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Заң бірқатар конституциялық заңдарды Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-процестік кодексімен сәйкестендіруге бағытталған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бірқатар заңнамалық актілерді Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-процестік кодексімен сәйкестендіруге бағытталған.

Кодекстің және заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.