Мемлекет басшысы: Қазақстанды жаңғырту - ортақ ісіміз
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанды жаңғырту - ортақ ісіміз. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында қайта сайланған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына ант беріп, қызметіне ресми кіріскен соң сөйлеген сөзінде осылай деді.
«Республика» сөзі латыннан тікелей аударғанда ортақ іс дегенді білдіреді. Сондықтан Қазақстанды жаңғырту - бұл біздің ортақ ісіміз. Алдымызда қандай да сынақтар болмасын, біз мемлекетіміздің қуатына, халқымыздың даналығына сүйене отырып, оны еңсеріп шығамыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұдан бөлек, Елбасы Қазақстан халқы көптеген қиындықтарды еңсеріп өткенін, ендігі күні жаңа дәуірге шешімді қадам басып отырғанын жеткізді.