Мемлекет басшысы қазақстандық қысқы Азиада-2011 жүлдегерлерімен кездесті

АЛМАТЫ. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Данияр Сихымбаев/ - Бүгін Алматы қаласындағы Қабылдау үйінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қазақстан құрамасының толықтай жеңісімен аяқталған 7-Қысқы Азия ойындарының жүлдегерлерімен кездесті.
None
None

Кездесу барысында Мемлекет басшысы 2011 жылғы Ақ Азиададағы қазақстандық спортшылардың жетістіктерін атап өтіп, оларды жалпы командалық есепте қол жеткізген жеңістерімен құттықтады. Өз кезегінде, Ойын жүлдегерлері олардың жеңісінің ең алдымен бүкіл Қазақстан мен ел Президентінің жеңісі екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, Қазақстан алтын медальдар саны бойынша қысқы Азия ойындарында рекордқа қол жеткізді. Қазақстан құрамасы 70 медальға ие болды, оның ішінде 32 алтын, 21 күміс пен 17 қола медаль бар.

Соңғы жаңалықтар