18:23, 01 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Мемлекет басшысы қазақстандық парламентшілерге табыс тіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңде өткен қазақстандық БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында депутаттарды Парламент сессиясының ашылуымен құттықтады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. «Мен біздің парламентшілерге табыс тілеймін, оларға Бес институционалдық реформаны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін белсене жұмыс істеуге тура келеді. Жыл аяғына дейін 57 заңнамалық акт қабылдау жоспарлануда. Біздің парламенттік фракциялар бұл міндетке зор жауапкершілікпен қарап, елдегі маңызды жаңғырту ісіне өз үлесін қосады деп ойлаймын», - деді Қазақстан Президенті.