Мемлекет басшысы: Қазақстанның Ресей және Қытаймен барынша жақын достығы болды, бола да бермек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ресей және Қытаймен барынша жақын достығы болды, бола да бермек. Бұл туралы бүгін
None
None

елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан-2050: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» атты күн тәртібімен өткен ХХІ сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. «Ресей мен Қытай біздің көршілеріміз, ал көршіні таңдамайды. Сондықтан да біздерде олармен барынша жақын достық әр уақытта да болды әрі бола бермек», - деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ресеймен қарым-қатынас Қазақстан сыртқы саясатының маңызды векторы болып қала беретіндігін баса айтты.

«Бүгінгі таңда біз халықаралық саясаттағы өткір дағдарысты көріп отырмыз. Мұндай қиын-қыстау жағдайда Қазақстан мен Ресейдің тату көрші, одақтас және стратегиялық серіктес екендігін мәлім етемін», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум