Мемлекет басшысы кепілдендірілген трансфертке қатысты заңға қол қойды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.

 Мемлекет басшысы кепілдендірілген трансфертке қатысты заңға қол қойды

«Мемлекет басшысы 2016 жылға арналған кепілдендірілген трансферт көлемін түзетуге бағытталған «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 - 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды»,-делінген Ақорданың баспасөз мәліметтерінде.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.