21:28, 19 Сәуір 2011 | GMT +5
Мемлекет басшысы Киевте Украина Президенті Виктор Януковичпен кездесті
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық энергияны қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдалану мәселелері жөніндегі Киев саммитінің аясында Украина Республикасының Президенті Виктор Януковичпен кездесті,
деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшылары екіжақты әріптестік мәселесін, атап айтқанда, экономикалық ынтымақтастық саласындағы кең ауқымды мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында Украина Президенті Виктор Янукович Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады және жаһандық ядролық қарусыздандыру саласындағы Қазақстан Президентінің халықаралық лидерлігін атап өтті.
- Сіз Қазақстан халқының игілігі үшін көп іс атқарудасыз және біз Сізден үлгі аламыз, - деп атап өтті Укарина Президенті.