Мемлекет басшысы Конституциямыздың кепілі екенін тағы дәлелдеді - М.Жолдасбеков

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттікке кандидат болып ұмтылып жатқан азаматтардың барлығының атқарған қызметтеріне қарамастан заң алдында бірдей екенін дәлелдеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтты.

«Кеше лингвистикалық комиссия үшінші емтиханды өткізді. Осыған қарай кеше Президентікке кандидат ретінде өзінің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеу үшін емтиханға Елбасы келді. Осы жолы да Елбасы Конституциямыздың кепілі екендігін, жалпы Президенттікке кандидат болып отырған азаматтардың барлығының атқарған қызметі мен лауазымына қарамастан заң алдында бірдей екендігін дәлелдеді»,-деді комиссия төрағасы.

Оның айтуынша, Президент емтиханға берілген үш сыннан да жақсы өтті. «Біз комиссия мүшелері бірауыздан Елбасы қазақ тілін еркін меңгерген деген байламға келдік. Тіпті еркін меңгерген деген сөз де аз болғандай. Елбасы қазақ тілін жетік меңгерген деген қорытынды жасадық. Оның үстіне кеше комиссия мәжілісті қорытындылағаннан кейін Елбасымен тілдің тағдыры, тілдің келешегі жөнінде салиқалы әңгіме болды. Баршаға мәлім лингвистикалық комиссия мүшелері елімізге белгілі деген ғалымдар мен тіл, әдебиет саласының мамандарынан құрылған. Сондықтан кеше Президентке мен біраз ұсыныстарымды айттым. Комиссия мүшелері де өздерінің тілге қатысты көкейлерінде жүргендерін жеткізді. Президент сол айтылғандардың барлығын қағазқа түртіп отырды. Біз Президенттің комиссия мәжілісінен жақсы бір сезіммен шығып бара жатқанын көрдік»,-деді М.Жолдасбеков.

Соңғы жаңалықтар