Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігіне бірқатар кадрлық өзгерістер енгізді
АСТАНА. Шілденің 18-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігіне бірқатар кадрлық өзгерістер енгізді.
ҚР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Нұрлан Айтманұлы Жоламанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды; Ратмир Әлімханұлы Комратов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы қызметінен босатылды; Болат Бақытжанұлы Жаңасаев Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.