Мемлекет басшысы көрші елдерді азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін берлесіп шешуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық жылыну үдерісі, су және азық-түлік қауіпсіздігі, трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану секілді аса маңызды мәселерді бірлесіп шешу қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы көрші елдерді азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін берлесіп шешуге шақырды

«Бүгінде барша адамзат жаһандық жылыну үдерісіне алаңдап отыр. Халықаралық қауымдастық осыған байланысты шұғыл шаралар қабылдауға мүдделі. Қазір су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Біз бидай егіп, ұн өндіретін ең ірі он елдің санатына кіреміз. Жыл сайын сыртқы нарыққа 7 миллион тоннаға дейін бидай шығарамыз», - деді Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде.

Қазақстан – Орталық Азиядағы астық экспорттайтын бірден-бір мемлекет.

«Алайда, біздің еліміздегі бидай өнімінің азаюына жол бермеу үшін, сондай-ақ, бүкіл аймақтың азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндірмеу үшін трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалануымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет. Түптеп келгенде, осындай шаралар біздің елдеріміздің өсіп-өркендеуіне тікелей ықпал етеді. Сондықтан, өздеріңізбен бірлесіп, гидроқұрылымдар салуға дайынбыз», - деді Президент.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі» енді «Түркі мемлекеттері ұйымы» деп аталды.