14:25, 28 Қазан 2015 | GMT +5
Мемлекет басшысы ҚР мәдени саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған Заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының мәдени саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.