Мемлекет басшысы ҚР Үкіметіне зейнетке шығу қарсаңындағы әйелдерді әлеуметтік қорғау шараларын қабылдауды тапсырды

АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке зейнетақы жүйесін жаңарту жөніндегі заң жобасы күшіне енер алдында азаматтарды әлеуметтік қорғаудың бірқатар шараларын қолға алуды тапсырды.

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметіне зейнетке шығу қарсаңындағы әйелдерді әлеуметтік қорғау шараларын қабылдауды тапсырды

«Сонымен қатар жаңа заңнама күшіне енгенге дейін мемлекет азаматтарды, әсіресе зейнетке шығу қарсаңындағы әйелдерді әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын алуы тиіс. Ол үшін де уақыт керек, сол үшін де осы заңды жүзеге асыруды кейінге қалдырып отырмыз», деп атап көрсетті Президент.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке мына бастамаларды заңнамалық сүйемелдеу шараларын пысықтауды тапсырды.

Біріншіден,. Мемлекет басшысы бала тууы, бала күтімі демалысы кезінде жұмыс істеуші әйелдердің міндетті зейнеткерлік салымына мемлекет есебінен қосымша төлемақы қамтамасыз ету қажет деп санайды.

«Азаматтардың міндетті 10 процент зейнетақы шығысына жұмыс берушінің міндетті шығарылымы есебінен қосымша 5 процент енгізілсін», деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Үшіншіден, Нұрсұлтан Назарбаев міндетті кәсіби зейнетақы салымын кезең-кезеңмен тағы да 5 процентке көбейтуді тапсырды.

«Бұл жайт айрықша және зиянды өндірістерде зейнеткерлікпен қамтамасыз етуді жақсартады», - деп қосты Мемлекет басшысы.

«Сондай-ақ Үкіметке 2030 жылға дейін зейнеткерлікпен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуды одан әрі жалғастыру жөнінде кешенді іс-шаралар әзірлеуді тапсырамын», - деп атап өтті Президент.

«Парламентті менің ұстанымымды ескеруге шақырамын. Зейнетақы реформасының күрделі мәселесі бойынша дұрыс шешімдер табылады деп мен кәміл сенемін», - деп түйді Президент.