Мемлекет басшысы «Құқықтық актілер туралы» Заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы нормативтік құқықтық актілер және құқықтық актілер саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы «Құқықтық актілер туралы» Заңға қол қойды

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына заңнаманы сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықтық актілер мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.