Мемлекет басшысы латын әліпбиін енгізуде асығыстық жасамау керектігін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдау кезінде латын әліпбиін енгізу мәселесінде асығыстық жасамау керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы латын әліпбиін енгізуде асығыстық жасамау керектігін айтты

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда айтылған басым бағыттарды тиісті деңгейде жүзеге асыруға, ел арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттап, оны одан әрі дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ латын әліпбиін енгізу мәселесінде асығыстық жасамай, жұмысты ғалымдармен жан-жақты сараптай отырып жүргізу керек екенін атап өтті.