Мемлекет басшысы Малайзияның Жоғарғы билеушісіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысы – Малайзияның Жоғарғы билеушісі Сұлтан II Абдулланы құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Малайзияның Жоғарғы билеушісіне құттықтау жеделхатын жолдады

«Қазақстан мен Малайзияны түрлі саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған берік серіктестік қатынастар байланыстырады. Екі елдің мүддесін көздейтін көпжақты іс-әрекеттерімізді нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалануға дайын екенімді білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы билеушінің барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.