Мемлекет басшысы «Медиация туралы» Заңға қол қойды

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде елімізде медиация институтын енгізуге бағытталған «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Медиация туралы» Заңға қол қойды

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.