Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың құзыреті мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді қызметін қамтамасыз етуге және оның нормативтік-құқықтық негізін жетілдіруге бағытталған.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.