Мемлекет басшысы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.