17:10, 23 Сәуір 2014 | GMT +5
Мемлекет басшысы Монреаль хаттамасына түзетуді ратификациялау туралы заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Монреаль хаттамасына түзетуді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысы «Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына 1999 жылғы 3 желтоқсанда Бейжіңде қабылданған Түзетуді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды" делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.