Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр

Мемлекет басшысының атап өтуінше, қазақтың қай қиырына барсаң да, қасиетті жерлер көптеп кездеседі. Мәселен, шығыста - Берел қорғаны, орталықта - қазақ пен қалмақ соғысқан Аңырақай, батыста - Алтын орда хандары тұрған Сарайшық, оңтүстікте - Түркістан сынды қасиетті жерлер бар.
«Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біле бастаған елміз. Қазақтың тарихы өте үлкен. Оны да білуміз керек, қолға алып жүрміз. Қазақтың тарихы жылы жарияланды», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, дүние жүзінен, Қытайдан, Ираннан қазақ тарихына қатысты құнды жазба жәдігерлер жиналған.
«Тарихын білмеген ұлттың болашағы да мүшкіл болуы мүмкін. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан тарихымызды білу үшін көп нәрсе жасаудамыз», - деді Елбасы.