Мемлекет басшысы Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсуды қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орнының қазіргі жұмысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсуды қабылдады

Кездесуде білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының перспективаларына, сондай-ақ түрлі салаларда жаңа технологиялар мен инновациялар әзірлеуге баса мән берілді.