Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының алдына тәуекелдер мен сын-қатерлерге жедел және икемді үн қата білу міндетін қойды - астаналық кәсіпкер
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының алдына кез келген тәуекелдер мен сын-қатерлерге жедел және икемді үн қата білу міндетін қойды. Бұл туралы агенттік тілшісімен сұхбатында астаналық кәсіпкер Гүлжаһан Омарова айтты.
Маған Мемлекет басшысысының «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде айтқан партия қашанда өзгерістердің басында тұрып, табысты партиялық тәжірибенің жаһандық үрдістеріне ілесуі, қоғамға қатысты кез келген тәуекелдер мен сын-қатерлерге жедел және икемді үн қата білуі қажет, деген пікірі ұнады. деді ол.
Оның айтуынша, қазіргі заманда тоқмейілсуге болмайды және әрқашан да уақытқа ілесе отырып, өмір сүру қажет, сонда ғана үлкен табыстарға жетуге болады.