18:50, 26 Маусым 2010 | GMT +5
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Астана!..» мюзиклінің премьерасын көрді
АСТАНА. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Астана!..» мюзиклінің премьерасын тамашалады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл Қазақстанның мәдени өміріндегі айтулы оқиға. «Астана!..» мюзиклін композитор Алмас Серкебаев драматург Юрий Кудлачпен (Германия) бірлесіп жазған. Режиссер-қоюшысы - Ресейдің халық әртісі Юрий Александров. Суретші-қоюшысы - Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Окунев. Қойылымның музыкалық жетекшілері - Қазақстанның халық әртісі Базарғали Жаманбаев пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.
Мюзиклде Қазақстанның опера театры мен белгілі эстрада әншілері, еліміздің музыкалық жоғары оқу орындарының студенттері өнер көрсетеді.