Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Финляндия Республикасының Президенті Тарья Халонен президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Финляндия Республикасының Президенті Тарья Халонен президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады,

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Финляндия Республикасының Президенті Тарья Халонен президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент мырза!

Финляндия мен Қазақстан арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Біз болашақта да ынтымақтастығымызды нығайта түсеміз деп үміттенемін. Сондай-ақ сізге Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитінде қабылданған декларация рухында алға қойған мақсаттарыңызға жетуіңізге тілектеспін.

Қазақстан Республикасының Президенті қызметінде Сізге үлкен жетістіктер тілеймін.

Финляндия Республикасының Президенті Тарья Халонен

Хельсинки, 2011 жылғы 7 сәуір