Мемлекет басшысы өңірлерде қаражаттың игерілуіне қатысты пікір айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Реформалар азаматтар мен бизнестің мүддесін толыққанды қанағаттандыруы тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа салық әрі бюджет саясаты өңірлер пайдасына қарай орталықтың қаржы-экономикалық функцияларын барынша орталықсыздандыруы тиіс. Бұл ретте жергілікті деңгейге кірістер мен шығыстардың ауқымды көлемін беруге болады. Осы бағытта жобаларды жүзеге асыруға қатысты талапты күшейту керек.

«Тек осы жағдайда ғана нақты нәтиже бойынша жергілікті биліктің рөлі мен жауапкершілігі арта түседі. Мен осыған дейін бюджетті жоспарлауды, бюджетаралық қатынастарды, бағалау жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар бердім. Алайда нәтиже көңіл көншітпейді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент Қаржы министрлігі жұмысында кемшіліктер бар екенін айтты.

«Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне өңірлермен және сарапшы қоғамдастықпен бірлесе жоғарыда аталған басымдықтар бойынша практикалық реформалардың пакетін әзірлеуді тапсырамын. Реформалар азаматтар мен бизнестің мүддесін толыққанды қанағаттандыруы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқав.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент бюджет қаражатын игеруде орындалған жұмыстардың сапасына қатысты пікір білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың нақты секторына несие бөлуге банктерді жұмылдыру керек екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар