Мемлекет басшысы Павлодардағы «GiessenHaus» ЖШС-не барды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті балқытылған аллюминий және жеңіл қорытылатын автомобиль дискілерін өндірудің технологиялық үдерісімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына «Павлодар» еркін экономикалық аймағында жүзеге асырылып жатқан индустриялық жобалар жөнінде баяндалды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа дайын өнім үлгілері, атап айтқанда, жылыту радиаторлары, автомобильдердің қосалқы бөлшектері, темір жол вагондарының дөңгелектері көрсетілді.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев «Казэнергокабель» акционерлік қоғамына барды. Мемлекет басшысы онда тоқ өткізетін кабель жасау технологиясымен және кәсіпорынның даму перспективаларымен танысты.
Қазақстан Президентіне ішкі және шетелдік нарыққа шығарылатын дайын өнім үлгілері де көрсетілді.
Фото: pavlodar.gov.kz