Мемлекет басшысы: Пайдалы қазбалардың қоры бойынша есептілік халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер қойнауын пайдалануда заңнаманы дамыған елдердің үздік тәжірибесіне сай ету қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Мемлекет басшысы: Пайдалы қазбалардың қоры бойынша есептілік халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек

«Жер қойнауын пайдалану бойынша Қазақстанның үлкен әлеуетін ашуымыз керек. Бізде бұл тұрғыда белгісіз мағлұматтар жетерлік. Тереңде жатқанды да, жер бетіндегісі де тиісті деңгейде зертелген жоқ. Сондықтан, алдымен осы саладағы заңнаманы дамыған елдердің үздік тәжірибесіне сай ету қажет»,-деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы пайдалы қазбалардың қоры бойынша есептілік халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек екенін қадап айтты.