Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

None
АБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірлік арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын, сондай-ақ маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.

Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысады, сонымен қатар іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар
telegram