Мемлекет басшысы салық салу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілген заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы салық салу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілген заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Заң салық саясатын жақсартуға, жағымды кәсіпкерлік ортаны және еліміздің әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасауға бағытталған.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.