Мемлекет басшысы шағын бизнес үшін арнайы қолдау шараларын қарастыруды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын бизнес үшін арнайы қолдау шараларын қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сұраныстың азаюы, активтер мен кепілге қойылған мүліктердің нарықтық құнының төмендеуі жағдайында «Даму» қорымен несиені кепілдендіру тетіктерін пайдалану аса маңызды. Қордың кепілдігі айналым қаржысын несиелеу бойынша Ұлттық банк бағдарламасы аясында берілетін займдарға таралатын болады», - деді Прзидент Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

Осы орайда Прзидент оның көлемі 600 млрд теңге екенін және бұл сома қажет болғанда артатынын жеткізді.

Экономиканы несиелеуді кеңейті үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті шараларды қабылдады. Бұл өз кезегінде банк секторында 600 млрд теңгеге жуық қаржыны босатуға мүмкіндік беріп, бұл қаражат ел экономикасына бағытталуы тиіс.

«Экономиканы несиелеуге банктердің мүмкіндіктерін кеңейтетін қосымша уақытша пруденциалды шаралар кешенін әзірлеу керек. Микро әрі шағын кәсіпкерлікке жекелей назар аудару керек. Олардың толыққанды стандартты банктік өнімдерді пайдалану мүміндіктері тым шектелген», - деді Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында шағын бизнес үшін арнайы шараларды қарастыруды тапсырды.

«Үкімет пен «Атамекен» аталған бағытты қаржыландыру көлемі бойынша шараларды айқындауы тиіс.


Соңғы жаңалықтар