Мемлекет басшысы сот құрылысын одан әрі жетілдіруге және соттардың тәуелсіздігінің кепілдігін нығайтуға бағытталған Конституциялық заңға қол қойды
АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Заң сот құрылысын одан әрі жетілдіруге және соттардың тәуелсіздігінің кепілдігін нығайтуға бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.