18:28, 13 Шілде 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысы спорттың бұқаралық түрлерін дамыту жүйесін жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды
АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі мен спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған Заң спорттық бұқаралық түрлерін дамыту, спорт резервтерін даярлау және әлемдік деңгейдегі спортшыларды тәрбиелеу жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.