«Мемлекет басшысы сынға алған «100 аурухана» жобасы бойынша жіберілген кемшіліктерді жою қажет» - Денсаулық сақтау министрі

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Астана қаласындағы мадицина саласының мамандарымен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын талқыға салып, одан туындайтын міндеттер жөнінде тілдесті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы сынға алған «100 аурухана» жобасы бойынша жіберілген кемшіліктерді жою қажет» - Денсаулық сақтау министрі

Баспасөз қызметі келтірген мәліметтер бойынша, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүейсінің аясында Астана қаласының денсаулық сақтау нысандарын қаржыландыру көлемі 2009 жылдан бері 2,1 есеге артқан.   

Ал қаладағы энергия үнемдейтін күндізгі стационардағы аурухана төсектерінің саны 6 есеге артты.  2011 жылы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша Астана қаласында көрсетілген медициналық қызметтің деңгейі 15 есеге артты.

«Біз Мемлекет басшысының сынға алған «100 аурухана» жобасы бойынша жіберілген кемшіліктерді жоюымыз қажет»,-деді Денсаулық сақтау министрі. 

Сонымен қатар ол кепілді медициналық көмектің қаржыландыру көлемі де артып отырғандығын атап өтіп, медицина мамандарына тұрғындарға көрсетілетін қызметтің сапасына баса назар аудару қажеттігін ескертті.