Мемлекет басшысы Табиғи монополияларды зерттеу агенттігінің жұмысын сынға алды

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Елбасы Табиғи монополияларды зерттеу агенттігінің жұмысын сынға алды.

Мемлекет басшысы Табиғи монополияларды зерттеу агенттігінің жұмысын сынға алды

«Бүгінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бар жұмысы өңірлік монополистер үшін тарифтердің кезекті өсуін бекітуге негізделген. Ал, тұтынушыларды қорғау бойынша жұмыстар жолға қойылмаған»,-деді Президент.

Осы орайда, Елбасы аталған ведомствоның төрағасы Мұрат Оспановқа тарифті қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз етудегі шараларды қабылдауды жүктеді.